Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары отставкаға кетті

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев қызметінен босатылды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиевке тікелей бағыныстағы қызметкер – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюпов пара алғаны үшін ұсталған. Кейін әкім орынбасары отставкаға кету туралы өтініш берді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаментінде хабарлағандай, өңір басшысы Айдар Нұрәлиевтің отставкаға кету туралы арызын қабылдады, — делінген агентік хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповтың пара алуы бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты болып отыр. Ол тергеу және сот кезінде өз кінәсін мойындамағанына қарамастан, сот пара алу фактісі дәлелденді деп танып, Каюповқа қатысты қауіпсіздігі төмен түрмеде төрт жарым жыл жаза мерзімін өтеу үкімін шығарды.

Апелляциялық сот алқасы да осы үкімді сол күйінде қалдырды.

Үкім шығарылғаннан кейін, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, өңірдегі денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік еткен БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев өз қызметкерінің пара алу қылмысы үшін ұсталғанына байланысты отставкаға кету туралы арыз ұсынды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани Есқалиев оның отставкаға кету туралы өтінішін қабылдап, қызметінен босатты.

Болатбек Каюповқа қатысты соттың айыптау үкімі шықты. Осыған байланысты Айдар Нұрғалиев отставкаға кетуге міндетті болды. Менің білуімше, оның отставкасы қабылданды, Айдар Нұрәлиевті қызметтен босату туралы бұйрық бар. Бүгін бұл туралы ресми хат жолдауы керек, — деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Айдар Нұрәлиев облыс әкімі орынбасары қызметін бір жылдан сәл астам уақыт атқарғанын атап өту керек. Ол 2020 жылдың маусымында осы қызметке тағайындалған болатын.

ДереккөзMgorod.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз