Айта кетейік, 10 қазан күні Қарағандыда арқанмен секірген 33 жастағы үш баланың анасы Евгения Леонтьева 30 метрлік биіктен секіріп, қайтыс болды. Әйел жердегі бетонға соғылған. Желі қолданушылары секірген кезінде кабель үзілген немесе мүлде бекітілмеген деп болжайды. Полиция бұл істі тексеріп жатыр. Оқиғаға қатысы бар кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары» құжатына сәйкес аттракцион иесі немесе ұйымдастырушы жұмыс басталғанға дейін аттракционды пайдалану туралы рұқсат алу керек.
Бұл жерде секіру ұйымдастыруға тыйым салынған, ешқандай рұқсат берілмеген, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.