Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында министр 2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелмегенін атап өтті.
2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Биыл қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді, − деді Алексей Цой.
Одан өзге, Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева пандемия санитариялық-эпидемиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп бергенін айтты.
Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясына қарсы күрес бүкіл отандық денсаулық сақтау жүйесін қозғады. Қарапайым сөзбен айтқанда, COVID-19 пандемиясы біздің денсаулық сақтау саласын әбігерге салды. Бұл, әсіресе, санитариялық-эпидемиялық ахуалға әсер етті. Өкінішке қарай, өткен жылдың қайғылы салдары санитариялық-эпидемиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп берді, − деді Б.Кесебаева.