Шымкентте 27 жастағы әйел сауда орталығында босанды

Сауда орталығы қызметкерлерінің айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған. Айта кетейік, бұл «Шымкент плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

Қыздың өзі де осындай жағдай болатының білмеген шығар. «Шымкент плазадағы» бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз, әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді, — деді сауда орталығының HR менеджер Айгүл Ташбенбетова.

Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 сантиметр. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

Жағдайы жақсы. Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілді. Өйткені, ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр, — деді Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Шымкент плаза
Фото: Otyrar.tv
ДереккөзOtyrar.tv