Басты бетЖаңалықтарҚазақстан экономикасы...

Қазақстан экономикасы үздік 50 елдің қатарына енді

Innovation Index тізімін құрарда Bloomberg жеті критерийді ескереді: инновация мен зерттеулерге жұмсалған қаражат, өнімділік, тиімділік, зерттеулердің, зерттеушілердің және жоғары технологиялы компаниялардың концентрациясы, патенттерді тіркеу және т.б. Үздік елдер көшін 89,00 көрсеткішімен Оңтүстік Корея бастап тұр, одан кейін Швеция (83,98), Германия (83,92), Швейцария (83,69) және Финляндия (83,26) елдері тұр.

Ал Қазақстан Аргенитина мен Мароккодан кейін сәйкесінше 0, 94 және 1,57 ұпаймен алда тұр.

Үздік 50 ел, тізім

Үздік 50 ел

Айта кетейік, Қазақстан өткен жылғы көрсеткішін 2 позицияға көтерді, 2016 жылы біздің еліміз 50-орында еді. Сондай-ақ, еліміз Орталық Азия елдері арасында рейтингке енген жалғыз мемлекет.

ДереккөзInform.kz