Басты бетМәдениетВице-премьер Оралдағы...

Вице-премьер Оралдағы өнер сарайының ашылуына қатысты

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Өнер сарайы облыс орталығында орналасқан барлық көркемөнер ұжымының, мәдениеттің барлық бағытының өкілдерінің басын қосады.

1 120 орындық сарайдың концерт холлында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің, Батыс Қазақстан облысы әкімінгің эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Орал қаласының орыс халық аспаптары оркестрінің орындауында отандық және әлемдік классиктердің атақты шығармалары орындалды, — делінген хабарламада.

Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлері Айман Мұсақожаева, Біржан Хасанғалиев, Дина Хамзина, Нұрлан Бекмұхамбетов, Жанна Орынбасарова, Елена Низамутдинова және Жұлдызбек Өтешқалиев өнер көрсетті.

Әртістер концерт залында жасалған акустиканың ерекшелігін атап өтті. Орталықтың ауқымды картина галереясында Нидерланды және Италия суретшілері жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ БҚО облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясы орналасқан.

Мұнда облыс, ел суретшілерінің суреттері және халықаралық авторлардың қылқалам туындылары ұсынылады.

«Атамекен» өнер сарайында концерттер мен көрмелер ғана емес, халықаралық форумдар мен басқа да бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланған, — делінген хабарламада.

Орал қаласы, өнер сарайы
Фото: Primeministr.kz