KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары — 351,90

«Бүгін биржада RUBKZT_TOD қаржы құралының сауда-саттығы, Ресей Федерациясында 01-10 қаңтар мерекелік күндер болуына байланысты, өткізілген жоқ», делінген хабарламада.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 351,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 67 100 мың АҚШ доллары;

— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір еуроға 382,75 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың еуро болды;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 351,88 теңгені (+6,87) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 114 500 мың USD  (+16 800 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +2,0400 теңгені (жылдық  (79,34 %, сауда-саттық көлемі 732 000 мың USD құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға   белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.