Елімізде дельфинарийлер жабылмайды

Мәдени ойын-сауық мақсатында қолданылатын жануарларға қарау мәселесін реттейміз. Оған дельфин жатады. Өкілетті органдарда бұл мақсатта пайдаланылатын жануарларды ұстау тәртібін бекіту бойынша жаңа қызмет пайда болады. Жануарларды ұстау ережесінде стандаттар айқындалады. Яғни, жануарлардың табиғи қажеттілігіне орай олардың өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етілуге тиіс, – деді Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министр жануарлардың жай-күйіне қоғамдық бақылау тұрақты жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар елімізде дельфинарийлерге мүлдем тыйым салу қарастырылмаған.

Бизнеске бұл бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік болуы үшін жағдай жасаймыз. Екінші жағынан мұндай ұйымдарда жануарлардың толыққанды өмір сүруіне дұрыс жағдай жасалуы керек, – деді вице-министр.