Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ит...

Қазақстанда ит пен мысық жейтіндер жазаланады

Біз осы тізімнің жобасын әзірледік, оған үйде асырауға болатын барлық дәстүрлі үй жануары енген. Қазіргі уақытта үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі классикалық тізімі – ит, мысық, тотықұс, алақоржын (хомяк), ақ тышқандар, – деді Ә.Шалабекова ОКҚ брифингте.

Сонымен қатар ол үй жануарын жануарларын бақылау бойынша қандай шаралар атқарылатынын айтты.

Егер азамат үй жануарын жануарларды бағатын орыннан алған болса, онда ол мекеме бұл итті бақылап отырады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған жануарларға қатысты айтсақ, бұл жерде, менің ойымша, көршілердің көмегі болуы керек, бұрын иті бар еді, қазір қайда кетті деген сұрақ болуға тиіс. Ит – бұл көрінетін тіршілік иесі. Сондықтан егер ол кенеттен жоғалып кетсе, ал иесі оны іздемесе, көршілер хабар бере алады, – деді вице-министр.

Жаңа түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыс 200 АЕК-ке дейін немесе 583 400 теңгеге дейін айыппұл салуды және 50 күнге бостандықты шектеуді көздейді.

Ал бүгінде 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.