Басты бетБілімҚостанай облысында...

Қостанай облысында 147 сынып карантинге жабылды

Қостанай облысы Санитарлық-эпидемиялық қадағалау департаментінде облыстағы мектеп оқушылары мен студенттер арасында КВИ шалдығу мәселесі қозғалды.

Биыл 1 қыркүйектен бастап 8 қазанға дейін білім мекемелерінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны мынадай: 572 оқушы, офлайн режимінде білім алып жүрген 350 оқушы, ЖОО мен колледжде оқып жүрген 98 студент. Ауруға шалдыққан 222 оқушы немесе 38,8% оқу жылы басталмай тұрып инфекция жұқтырған, – деп хабарлады департамент өкілі.

135 мектепте КВИ шалдығу оқиғалары тіркелді, ауру жұқтыру көрсеткіші 27,4% құрады. Қазіргі кезде 147 сынып карантинге жабылды.

КВИ жұқтырған оқушылардың ең көп бөлігі Қостанайда анықталған, сонымен бірге Рудный, Лисаков, Жітіқара, Б.Майлин атындағы аудан, Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Меңдіқара, Қарабалық аудандарында да тіркелді.

Студенттерге келетін болсақ, қыркүйектен бастап ЖОО, арнайы орта білім орындарында вирус жұқтырудың 98 оқиғасы тіркеліп, 69 топ карантинге жабылды.