Темекі, ДНҚ және материалдық жағдай: өкпе қатерлі ісігі қатерін қалай азайтуға болады

2012 жылдың тамыз айында британдық Қатерлі ісікті зерттеу орталығы темекі тартуға қатысты жүргізілген жаңа зерттеулердің нәтижесін жариялады. Cancer Research UK ұйымының мәліметінше, қатерлі ісікке түрлі санаттағы адамдар шалдығатынына қарамастан, дәл осы темекінің кесірінен пайда болатын обыр (оған өкпе, көмей және өңеш қатерлі ісігі кіреді) тұрмысы төмен азаматтарда әлдеқайда жиі кездеседі екен. Мұның себебі неде? Қатерді қалай азайтуға болады?

Темекі және ДНҚ

Қатерлі ісік ауруларының негізгі себебі – темекі түтініндегі заттар. Олар кемінде 12 түрлі обыр тудырады. Ең кең таралғаны – өкпе қатерлі ісігі.

Темекі жанған кезде пайда болатын түтіннің құрамында 6000-нан астам химиялық байланыс бар, оның 69-ы канцерогенді. Бұл құрамнан  формальдегид, күшәлә, ацетон, сутек пероксидін табуға болады. Түтінде кездесетін кей химиялық заттың адам денесіндегі жасушалардың көбеюі мен қызметін бақылайтын ДНҚ-ға зақым келтіретіні белгілі. ДНҚ бұзылған жағдайда жасуша кез келген сәтте бақылаудан шығып, қатерлі ісікке айналуы мүмкін.  

2016 жылы ғалымдар бар болғаны бір жыл бойы күніне бір қорап темекіден шегіп отырған пациенттердің көмей, жұтқыншақ және ауыз қуысындағы жасушаларында 150-ден астам жаңа генетикалық мутация пайда болғаны туралы зерттеу жариялады. Жалпы, мутация жекелей алып қарағанда зиянсыз болуы мүмкін, бірақ ол көбейген сайын, бірі немесе бірнешеуі қатерлі ісікке айналу ықтималдығы да арта береді.

Зерттеу темекі түтіні тікелей әсер етпеген ағза мүшелерінің де зақымдалғанын көрсетті. Мәселен, қуықтың әр жасушасында 18 жаңа мутация табылған, ал күніне бір қорап темекі шегетін адамның өкпесінің жасушасында жыл сайын 6 мутациядан пайда болып отыратындығы анықталған.

Темекіні неге қойып кетпейміз?

Статистикаға сәйкес, 10 шылымқордың біреуі ғана ә дегеннен темекіні қойып кете алады. Себебі никотин тәуелдігі бұл зиян әдеттен арылуға бөгет болады. Никотин ағзаға түскен кезде мидағы никотин ацетилхолин рецепторларына әсер етеді, осының салдарынан адреналин, глюкоза, тіпті ләззат сезіміне жауапты гормон дофамин бөлінеді. Бұл ретте дофаминнің тек ләззатқа жауап бермейтінін, оның мотивация мен табысқа жету сезімін тудыратын нейромедиатор екенін де айта кету керек. Темекі тартудың әдетке айналуының себебі осы. Ал қоямын деп шешім қабылдасаңыз, никотин іздеп, әуре-сарсаңға түсесіз.

Шылымнан біржолата құтылу мүмкін болмаса, денсаулыққа келер зардапты аз-аздан кемітіп отыруға болады. Зиянды біртіндеп азайту концепциясы – денсаулық сақтау бағытындағы әдіс. Ол қауіпті дүниеге тыйым салмайды, одан келер зиянды қадам-қадаммен кемітіп отыруға шақырады. Мысалы, залалы аздау балама тәсілдерді пайдалануға болады.

Қатерді қалай азайтуға болады?

Темекінің кесірінен пайда болатын онкологиялық аурулардың пайда болу ықтималдығын толықтай жоқ етудің жалғыз әдісі – шылымды мүлдем қойып кету. Және бұл жаман әдетті серік еткеніңізге қанша болғаны маңызды емес. Мейлі 5 жыл, мейлі 50 жыл болсын. Ғалымдар темекінің кесірінен зақымдалмаған жасушалар қанша азайса да, уақыт өте келе өкпе жұмысын қалпына келтіруге болады дейді.

50 жыл бойы жүрген британ зерттеуі бұл құбылысты растап отыр. 1951 жылы ғалымдар 35 мыңға жуық ер адамның темекіге құштарлығы туралы ақпарат жинап, келесі 50 жылдың ішінде оларды бақылауға алған болатын.

Зерттеу нәтижелері көп мағлұмат берді: шылым шегетін және шекпейтін адамдардың өмірінің ұзақтығында 10 жыл айырмашылық бар екені анықталды. Алайда темекіден бас тартқан адамдарда көбірек өмір сүру мүмкіндігі пайда болады екен: мысалы, 50 жаста шылымды тастап кеткендер ғұмырын орта есеппен 6, 40 жаста құтылғандар 9, ал 30 жасында азат болғандар 10 жылға ұзарта алған. Және олардың денсаулығы мен қайтыс болу көрсеткіштері мүлдем темекі шекпеген жандардікімен шамалас болып шыққан.

Кедей мен байдың арасындағы айырмашылық және балама тәсілдер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес, шылымқорлардың 80%-дан астамы табысы төмен және орташа мемлекеттерде өмір сүреді. Олар негізінен сапасыз темекі тұтынады немесе қолдан орап алады. Ал бақуатты елдерде тұратын адамдарда бұл зиянды әдетке келгенде үнемдемеу мүмкіндігі бар. Көбі сапасы жоғары темекіні таңдайды немесе вейп, электронды темекі және темекіні қыздыру құрылғылары секілді түтінсіз дүниелерге көшкенді жөн көреді. Дәстүрлі темекіге қарағанда электронды құрылғыларда температура 250 градустан жоғары көтерілмейді, яғни жану процесі жоқ, түтін пайда болмайды. Осының арқасында кәдімгі шылыммен салыстырғанда электронды құрылғылар 90%-ға зиянсыз бола алады.

Одан бөлек, электронды құрылғы темекіні мүлдем қойып кетуге көмектеседі. 2019 жылы ағылшын ғалымдары зерттеу жүргізді: олар шылымнан құтылғысы келетін 19 мыңға жуық ел азаматын жинап, оларды топқа бөліп, никотин жабыстырғышы, дәрі-дәрмек, электронды темекі, психотерапия, телефон арқылы қолдау, электронды ресурстар, тіпті гипнотерапия секілді түрлі тәсілдерді ұсынды. Нәтиже никотин жабыстырғышының егде адамдарға көмектескенін, алайда барлық жастағылар үшін ең тиімді тәсіл электронды темекі болғанын көрсетті.

«Никотин тұтынудың ең қауіпті жолы – күн сайын кәдімгі шылымды шегу. Одан пайда болатын тәуелдік үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Әрине, қазір темекі тартпайтын адамдарға ағзаға никотин жеткізудің балама жолдары қажетсіз болуы мүмкін. Алайда шылымқорлар үшін бұл – барынша зиянсыз тәсілмен никотин беретін дүние», — деді 2021 жылы өткен Никотин жаһандық форумында Pinney Associate денсаулық сақтау саласындағы саясат жөніндегі директоры Робин Гугелет.

Темекі тарту жалғыз зиянды әдет емес. Алайда зиянды біртіндеп азайту концепциясын шылымға қатысты да қолданып көруге болады. Зиян әдеттер мен олардың зардабын қалай азайтуға болатыны туралы керек ақпарат алу үшін «ниЖевред» қазақстандық жобасының сайтына өтіңіз. Ресурс осы тақырыптағы пайдалы материалдарды, ғылым және денсаулық саласындағы соңғы зерттеулерді және адамдардың тәжірибесін ұсынады.