Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты.
Жыл басынан бері қандастарға азаматтық беру мерзімі 2 есеге, 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды. Шамамен 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен азаматтығын рәсімдеді. Реттелмейтін құқықтық мәртебемен анықталған 45 тұлға Қазақстан азаматы деп танылып, құжаттарын алды, — деді Арман Баймұхамбет.
Сонымен бірге ол елімізде төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу мерзімі оңтайландырылғанын атап өтті.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу тетіктері де жетілдіріліп жатыр. Осы жылдың 9 айының ішінде 143 мың төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп, берілді, — деді басқарма басшысы.