Басты бетМедицинаМинистр пандемия...

Министр пандемия кезінде бала туу көрсеткіші артқанын айтты

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтты.

Коронавирус инфекциясының ұзаққа созылған пандемиясына қарамастан, басым медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуға қол жеткізілді. Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бала туу көрсеткіші 6,94% артты. 2021 жылғы 8 айда ана өлімінің көрсеткіші 10,7% төмендеп, 100 мың нәрестеге шаққанда 41,7 қайғылы жағдай болды. 2020 жылғы ұқсас кезеңде бұл көрсеткіш 46,7 болған. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 5,7% төмендеді, — деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері шұғыл көмек қажет болған науқастарды орталыққа жеткізу үшін авиациялық медицина 1 300-ден астам сапар жасаған.

2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар бойынша онкологиялық қызметті дамыту аясында 2020 жылы Маңғыстау облысында жаңа онкологиялық орталық пайдалануға берілді, Өскемендегі облыстық онкология және хирургия орталығында жоғары технологиялық желілік үдеткіш орнатылды. Биыл еліміз Орталық Азиядағы алғашқылардың бірі болып орталық жүйке жүйесі ауруларын тіліксіз емдейтін радиохирургиялық гамма-пышақ орталығын ашты. Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар тізімі кеңейтілді. Бүгін республикада жүрекке 100 мыңға жуық ота жасалды, — деді Алексей Цой.