Бұл туралы QazTrade бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева хабарлады.
Оның айтуынша, былтыр тамақ өнеркәсібінің 35 кәсіпорны Қытай нарығына шығуға дайын болған көрінеді.
Мысалы, қазір балмұздақ, қоюландырылған сүт, кілегей, ірімшік және сүт Қытайда саудалануы мүмкін, — деп атап өтті Әсел Егембердиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сонымен бірге ол экспорттық акселератор бағдарламасына қатысу туралы сөз қозғады.
Кешенді, практикаға бағдарланған, бизнесті толық сүйемелдеуді ұсынатын бағдарлама болып табылады. Ол диагностика мен экспорттық стратегияны әзірлеуден бастап маркетингке, сатып алушыны іздеуге және келісімшарт жасасуға дейінгі кезеңді қамтиды, — деді Әсел Егембердиева.
Айта кетейік, бағдарламаның екінші кезеңіне сәйкес 100 кәсіпорынға, яғни тамақ өнеркәсібі, жеңіл, химия, машина жасау өнеркәсібі компаниялары және қызмет көрсетушілерге экспортқа шығуға жол ашылады. Олардың барлығы Қытайға, Ресейге, Таяу Шығысқа, Орталық Азияға экспортқа шығарылады.