Қала әкімі Алтай Көлгінов жастарға арналған Elorda Jastary арнайы тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғанын мәлім етті. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар өтінім жібере алады.
Қойылатын талаптар: қалада кемінде бір жыл тіркеулі, Отбасы банкте жинақ шоты бар, бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауға тиіс (соңғы 5 жыл ішінде), ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 миллион теңгеге дейін қарыз ала алады. (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі, – деп жазды Алтай Көлгінов.
Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, ол qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады.