Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қай...

Қазақстанда қай елдердің вакциналау паспорты жарамды?

6 қазандағы №45 қаулыда «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» қаулыға өзгерістер енгізілген.

Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды, − делінген бас санитардың қаулысында.

Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде Қазақстан Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы мен Молдова Республикасының вакцинация төлқұжаттарын жарамды деп таныды.