Бөрте әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған алғашқы әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарма қазақ сахнасында да тұңғыш рет қойылып отыр. Қойылым 10-11 жастағы Темучин (Шыңғыс ханның шын есімі) мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған атақты «Калқа өзені бойындағы шайқасқа» дейін жетеді. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады.
«Бөрте» спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор (Davide Livermore) шақырылды. Қойылымның көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, режиссер – Карло Шаккалуга (Carlo Sciaccaluga), сценограф – Анна Варалдо (Anna Varaldo), координатор – Элис Ферранти (Alice Ferranti), декоратор-суретші – Жанат Көкімбеков, костюм бойынша суретші – Айжан Абдуайт, композитор – Хамит Шанғалиев, әдеби редактор – Шынар Омарова, жарық бойынша суретші – Даурен Самашов, балетмейстер – Әсем Алдибекова, Мадина Муратпекова, Дәулет Мұратпеков, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова. Иллюстратор суретші – Ассоль Сас, әкімшілік-шаруашылық бөліміне жауапты – Нильдебаев Ұлан, Қабылов Бауыржан, PR және халықаралық қатынастар бөлімінің менеджері – Бозщина Айгерім, техникалық жабдықтау бөлімінің менеджері – Шаяхметова Айгерім, көркемдік жетекшінің ассистенті – Жарылқасова Ақсұңқар. Түркістан музыкалық драма театрының жас драма актерлары және балет әртістері.
Тарихи спектакльдің ғылыми кеңесшісі: тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев. Ролдерде ойнайтын әртістер: Айя Шәріп, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Еркебұлан Дайыров, Лейло Бекназар-Ханинга, Әділ Ахметов, Алмахан Кенжебекова, Алихан Идрышева, Ержан Нұрымбет, Нартай Сауданбекұлы, Қонысбек Бегайдаров, Зәмзәгүл Бегайдаров, Алтынай Нөгербек, Азамат Чукеев, Толқын Нұрбекова, Әшім Ахметов, Қуаныш Қонысбеков, Әйгерім Қайратқызы.
Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді. Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка жазды.
Театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарованың айтуынша, алдағы уақытта да озық техникалық және креатив шешімдерге негізделген тың қойылымдар қала тұрғындары мен қонақтарына көптеп ұсынылатын болады.
Түркістан музыкалық драма театры тұңғыш президент Н.Назарбаевтың қолдауымен салынған Түркі әлемі астанасының ең сәулетті ғимараттарының бірі. 2021 жылдың мамыр айында Елбасы арнайы келіп жаңа театрдың актерлық құрамымен және сахнаның техникалық мүмкіндіктерімен танысқан еді.