Мәліметтерге сүйенсек, 14 тамыз күні Алматы перинаталдық орталығының дәрігерлері 21 жастағы жүкті келіншекті қабылдап, босандырып алды. Ол үшемді дүниеге әкелді.
Сәбилер мерзімінен бұрын 902 грамм, 924 грамм және 916 грамм болып шала туған. Дегенмен дәрігерлер осы екі қыз бен ұл баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Дүниеге келген үшем бастапқыда тыныс алу апаратында болды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң, жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен балаларының жағдайы қанағаттанарлық, − деді дәрігерлер.
Жас ана мен үшем бір жарым айдан кейін перинаталдық орталықтан үйіне шықты.
Тағдыр бізге үлкен бақыт сыйлады. Бүлдіршіндерге Мұхаммед, Әмина және Сумая деген есім бердік, − дейді балалардың анасы Марал Жолдыбаева.