Банктің сараптамасына сәйкес, Қазақстан егемендік алған жылдан бері жедел өсу қарқынын бастан өткергендіктен, өндіруші салаларға реформалар мен инвестициялар едәуір ықпал етті. Бұл кедейліктің төмендеуіне және елдің орташа кірісі бар экономикаға айналуына әкеп соқты. Сонымен қатар халықтың жан басына шаққандағы нақты ІЖӨ мөлшері 80%-тен астам ұлғайды.
Елде жұмыспен қамту деңгейі қалпына келіп, жалақы 2021 жылдың II тоқсанында артты. Биыл кедейлік деңгейі 13%-ке дейін төмендеп, шамамен 2,4 миллион адамды құрайды деп күтіліп отыр, – деп болжайды Дүниежүзілік банк сарапшылары.
Одан өзге, сарапшылар экономикалық өсімнің пандемия тұсындағы кезеңнен осы жылдың соңына қарай 3,5%-ке, 2022 жылы 3,7%-ке көбейетінін атап өтті.
Мұнай бағасының тұрақсыздығы мен жұмыссыздық мәселелері кедейліктің төмендеуіне тосқауыл болуы мүмкін. Сонымен бірге банк борышкерлерің жыл санап көбеюі, экономикалық өсімге кері әсер етеді, – деп түйіндеді қаржы институтының мамандары.