Биыл жыл соңына дейін кен орындарын игерудің тұжырымдамасы әзірленеді. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен оның серіктестері арасында аталған кен орындарын игеру тұжырымдамасын таңдау бойынша талқылау жүріп жатыр.
Отандық өнім көлемін арттыру тұрғысында бұл жобалардың маңызы зор. Күнделікті «ҚазМұнайГазбен» бірлескен жұмыс барысында бұл кен орындарының әлеуеті өте жоғары екеніне көзіміз жетіп отыр. Жыл соңына дейін кен орнын игерудің тұжырымдамасын таңдау бойынша шешім қабылданады. 2028 жылға қарай кен игеруді бастау үшін биыл жыл соңына дейін тұжырымдама таңдалып, шешім қабылданады деп күтіп отырмыз, – деді Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан KIOGE-2021 халықаралық мұнай және газ көрмесінде.