Басты бетҚоғамАлматыда күзгі...

Алматыда күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Бұл туралы Алматының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысы Амантай Өсербаев айтты.

Күз мерзімде Қазақстан Қарулы күштер қатарына 1,5 мыңдай азамат шақырылады. Әрбір азаматтың әскерге шақырылу немесе шақырылмау құқығы қаулымен құрылған комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі, — деді ол.

Департамент басшысы күз мерзімінде бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Шекара әскери бөлімдері жасақталатынын айтты.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі әскери бөлімдерді жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Сол жасақтау жұмыстары біткеннен кейін Қазақстан Қарулы күштері Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін жасақтаймыз, — деді Амантай Өсербаев.

Амантай Өсербаевтың айтуынша, кейінгі жылдары пандемияға байланысты шақыру жұмыстарына біраз өзгерістер енгізілген.

Ол эпидемиология жағдайын сақтау. Ең негізгі мақсат вирус жұқтырған азаматтарды жібермеу. Дәрігерлік комиссиясының құрамына инфекционист-дәрігер қосылды, — деді ол.