Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова команда және бапкерлермен кездесуде құрамамыз жанкүйерлер үмітін ақтап, футзал әлемінде сенсация жасағанын жеткізді.
Табанды ойын мəнерін көрсетіп, дүниежүзінің алпауыт құрамаларына лайықты қарсылық көрсеттіңіздер. Терезесі тең ойында біздің құрама санасуға тиіс қарсылас екенін паш еттіңіздер. Сіздердің жеңіске деген зор ерік-жігерлеріңіз, команданың ұйымшылдығы, жанқиярлығы, патриотизмнің жарқын көрінісі көпке үлгі. Сіздер үшін əр матч оңайға түскен жоқ. Алайда, сіздер сын сағатта шын шебер екендіктеріңізді көрсетумен болдыңыздар. Халықаралық футбол федерациясының біздің құраманы адал ойын көрсеткені үшін арнайы жүлдемен марапаттауы осының айқын дәлелі. Құрметті футболшылар, бапкерлер біз сіздерді мақтан тұтамыз, — деді министр.