Басты бетҚоғамМаңғыстау облысы...

Маңғыстау облысы тұрғындарының 100%-і сапалы ауыз сумен қамтылады

Үкімет басшысы Маңғыстау облысының даму әлеуеті жоғары өңір екенін айтты.

2,1 триллион теңге сомасына кешенді жоспардың 214 іс-шарасын іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді. Негізгі капиталға инвестиция 2 есе ұлғаяды және 2025 жылы 1,2 триллион теңгені құрайды. Өңір экономикасы 32% өседі.

Премьер-министр өңірдің таяу жылдардағы негізгі міндеті мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, көлік пен логистиканы және т.б. дамыту болуы тиіс екенін атап өтті.

Маңғыстау облысында әлеуметтік, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар іске асырылады. Қабылданған шаралар есебінен өңір халқының 100%-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруды, өнеркәсіп көлемінің 27% өсуін, халықтың нақты табысының 40% өсуін және жалпы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді, — деді Асқар Мамин.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіпорындарда еңбекақы мен еңбек жағдайында сәйкессіздікке жол бермеу мәселелеріне ерекше бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкімет басшысы Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.