4 жасар Конгресс кітапханашысы

Далия Мари Арана – АҚШ-тың Гейнсвилл қаласының төрт жасар тұрғыны. Оның оқыған кітаптарының тізімі  мыңнан асады екен. Кітапқұмарлығының арқасында Далияға Конгресстегі кітапханада бір күн бойы кітапханашы қызметін атқаратын мүмкіндік туды.

Далияның әкесінің айтуынша, бір жасында әріп танып, кітап оқып үйренген. Қызының кітаптағы сөздерді «кеміріп» отыратындығын байқаған анасы, оған «балабақшаға дейін 1000 кітап» жобасына қатысып көруді ұсынған. Кішкентай қыздың әдебиеттерді ғарыштық жылдамдықпен меігеріп алатынына ешкім сенбеген. Әлі 4 жасқа да толмаған Далияның 1000 кітапты оқып, меңгеріп алғанына бәрі таңданыспен қараған.

Осындай жетістіктерін естігеннен кейін Конгресс басшылығы Далияның отбасын түгел шақыртып, кітапханаға саяхат жасатқан. АҚШ-та аталмыш кітапханада кітапханашы болу – абыройлы қызмет, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Далияға бір күн бойы кітапханашы болуға ұсыныс жасаған. Қырық жасқа келсе де 1000 кітап оқымағандарға АҚШ 4 жасар Далияны үлгі етті.

ДереккөзQazaqtimes.kz