Оның соңғы жұмыс орындарының бірі “Тобыл” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар” акционерлік қоғамы болды. 2019 жылдың қыркүйегінде басқарма төрағасы болып тағайындалды, бірақ 2020 жылдың наурызында денсаулығына байланысты корпорациядан кетті.
Базыл Жақыпов 1965 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Жақсы ауданы Терісақан ауылында дүниеге келген.
Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін (1991) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Алматы Экономика және статистика институтының экономика және қаржы факультетін (2006) қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік етті.
2015 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қостанай қаласының әкімі қызметін атқарды.