Өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша Жылы жағажай ауданында туристік кешен мен сауда қатарларын, келушілерге арналған орталығы бар этноауыл, 9 қонақүй, демалыс аймақтарын, сауықтыру кешендерін салу сияқты шаралар қабылданатын болады, — деді Әсет Ерғалиев.
Оның айтуынша, көлік және логистикалық бағыттарды дамыту бағытында Ақтау әуежайында жаңа терминал салу және жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежайын, Қорық портындағы Сағатов функционалды теңіз терминалын жаңғырту жоспарлағанған.
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында “Бизнестің жол картасы-2025”, “Қарапайым заттар экономикасы” және “Еңбек” бағдарламаларының құралдары белсенді қолданылады. Сондай-ақ, Ақтау қаласы мен Мұнайлы қаласында екі көтерме тарату орталығы салынады. Өнеркәсіптік кешен саласында 25 инвестициялық жоба іске асырылады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне кердит беру және аул шаруашылығы жануарларын, техника мен техникалық жабдық сатып алуға лизинге рәсімдеу кезінде сыйақы мөлшерлемелері субсидияланады, — деді ведомство басшысы.