2014 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы әкімдіктерімен бірлесіп, «Серпін» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Жоба Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан сияқты 9 облыстың 26 жоғары оқу орындарында іске асырылып отыр. Кадрларды даярлау педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Ауыл жастарын қабылдау квотасы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 10%-і, — деп жазылған вице-премьердің жауабында.
Ералы Тоғжанов депутаттарға берген жауабында «Серпінге» бөлінетін граттардың саны жыл сайын көбейе түсетінін айтқан.
2021-2024 жылдары «Серпін» бағдарламасы бойынша кадр даярлауға 20 624 грант көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Сонымен бірге Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында «Серпін» бағдарламасына мемлекеттік тапсырыс 2025 жылға қарай даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша тағы 2 000 грантқа ұлғайтылады. Осылайша, министрлік жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен келесі үш оқу жылына 10% квота бөлу жөніндегі міндеттемені қамтамасыз етті, — делінген премиьер-министрдің орынбасары берген жауапта.
Ералы Тоғжановтың сөзіне қарағанда, 2020 жылы «Серпін» жобасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2 653 адам оқуды аяқтаған. Оның ішінде өңірде 1 566 адам немесе 59% жұмысқа орналастқан.
«Серпін» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2018-2021 жылдар аралығында 7 707 адам оқуды аяқтады. Оның ішінде 5 526 адам жұмысқа орналастырылды (71,7%). 2018-2019 оқу жылына 931 адам бітірді, оның ішінде 875 адам жұмысқа орналастырылды (93,9%). 2019-2020 оқу жылына бітіру — 4 123 адам, оның ішінде 3 238 адам жұмысқа орналастырылды (78,5%). 2020-2021 оқу жылында 2 653 адам бітірді, оның ішінде 1 413 адам жұмысқа орналастырылды (53,2%). Жоба түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, — дейді Ералы Тоғжанов.