Басты бетҚоғамҚазақстан іздеу...

Қазақстан іздеу жариялаған 33 адам ТМД аумағында ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ішкі істер министрлігі ТМД елдерімен бірлеіп, «Іздеу» операциясын өткізді және іздеуде жүрген 343 қылмыскер ұсталды. Оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 3, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 7, қарақшылық үшін – 2 және тонау үшін – 3 қылмыс жасағандар бар, — деді Нұрділдә Ораз.

Республикадан тыс жерлерде, соның ішінде ТМД елдерінде Қазақстан іздеу жариялаған 33 адам ұсталды.

Атап айтқанда, Алматы полиция департаментінің іздеу тапсырмасы бойынша Мәскеуде қаржы пирамидасын құрып-басқарғаны үшін іздестірілгендер, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілгендер ұсталған. Ресейдің Челябинск қаласында қылмыстық қауымдастық құрғаны үшін және оны басқарғаны үшін Қостанай облысының полиция департаменті 2013 жылдан бері іздеп жатқан күдікті ұстады. Ал Челябі облысында трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оны басқарғаны үшін Шығыс Қазақстан полициясы іздестірген адам ұсталды, — деді Нұрділдә Ораз.