Көп пунктте вакцина жеткілікті мөлшерде бар. Ол жерде «Спутник V» вакцинасы қалыпты режимде салынып жатыр, — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Олар вакцина басқа пункттерден жеткізілетінін айтты. Бұл жағдайда вакцинаны тасымалдау ережелері сақталады.
Бұған дейін ведомствоаралық комиссия 4 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың 77,4%-і немесе 7 716 723 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырғанын айтты. Оның ішінде 965 779 адам Алматыда салдырған.
Вакцинаның екінші компонентін 66,9% немесе 6 671 959 адам салдырды. Алматыда 877 749 адам вакцинаны толық салдырды.
Қалада медициналық ұйым, мектеп, мәдениет, спорт объектілерінде, базар және қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 160 вакциналау пункті жұмыс істейді. Оған 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы жұмылдырылған.
Өткен тәулікте вакцинаның бірінші компонентін 678 адам, екінші бөлігін 1 290 адам салдырды.