Басты бет Жаңалықтар Қазақтың «қанатты қызы» туралы кітап шықты

Қазақтың «қанатты қызы» туралы кітап шықты

Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы «Хиуаз» атты жинақ жарық көрді. Кітап белгілі журналист Тұрсын Қалимованың бастамасымен және Атырау облысы әкім­ді­гі­нің қолдауымен шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жинақта даңқты ұшқыш­тың өзі жазған «Халқым үшін» («Әскери ұшқыштың жаз­­бала­ры») және «Под коман­до­ванием Рас­ковой» атты кө­лем­ді ес­те­ліктері берілген. Ол ави­а­ция тарихында тұңғыш рет әйелдерден құралған №588 түн­гі бомбалаушы әуе пол­кінің штур­ман-атқышы болған. Кітапта ал­ғаш­қы жауынгерлік тап­сыр­­масына жиырма жасында Крас­но­дон жерінен ұшып, ай­нал­дыр­ған бір жарым-екі жыл ішін­де Оңтүстік майданда, Сол­түс­­тік және Күн­гей Кавказда, Ук­­раина мен Бело­руссияда, По­льшада жау нысандарына 300 рет шүйліккен және соның барлығында жеңіске жет­кен жаужүрек қыздың естеліктері жинақталып жазылған.

Соғыс кезеңінде гвардия аға лейтенанты Хиуаз батыр Қызыл Ту ордені, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, «Кавказды қор­ғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Жұбан мен Са­ғын­ғали ақындар Хиуазды «қанатты қыз» деп атаған.

Жинақтың «Есімі ел есін­де қалар мәңгі» атты тарауы Хиуаз батырдың кейінгі ке­зе­­ңі­не арналған. «Қанатты қыз» соғыстан кейін де еліне үл­­­кен еңбек сіңірген. Бейбіт өмір­­­дегі еңбек жолын Батыс Қазақстанда аудандық партия ко­митетінің нұсқаушылығынан бас­таған ол, Алматы қалалық партия ко­ми­тетінің хатшысы кезінде де халық үшін ма­ңыз­­ды істерді шешуге белсене атсалысқан. Ал 1951 жылы Қа­зақ КСР Жо­ғар­ғы Кеңесінің депутаты бо­лып, ал­ғашқы сессиясында Пре­зи­диум хатшысы болып сайланған.

Хиуаз Доспановаға Елбасы жарлығымен 2004 жы­лы Ха­лық қаһарманы мәртебелі атағы берілген болатын.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version