ІІМ «Іздеу» операциясын жүргізіп, оның барысында іздеуде жүрген 343 қылмыскер анықталды. Оның ішінде кісі өлтіргені және ауыр дене жарақатын салу бойынша іздеудегі жетеу, қарақшылық бойынша екеу, тонау бойынша үш адам бар, − деді Ораз арнайы брифингте.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның сыртында, оның ішінде ТМД елдерінде қазақстандық полицейлер іздеуде жүрген 33 азаматты ұстады.
Шымкентте «Гранд -Прага» мейрамханасында атыс қаруын қолданып, кісі өлтірген күдікті ұсталды. Қазақстан полициясы Бурятия аумағында адам ұрлау мен бопсалау фактісі бойынша 2014 жылдан бері іздеуде жүрген адамды Талдықорғанда ұстады. Мәскеуде іздеу тапсырмасы бойынша қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ ірі көлемдегі алаяқтығы үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, − деп атап өтті Нұрділдә Ораз.
Еске салайық, 10 тамызда Шымкентте «Гранд-Прага» мейрамханасында атыс болып, салдарынан келушілердің бірі қаза тапты. Екіншісі жараланып, ауруханаға жатқызылды.