Қытай әлемде жаңа «Х вирусы» пайда болатынын мәлімдеді

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Гао Фу қоғамдағы халықаралық ғылым және технологиялар форумында адамзат болашақта жаңа «Х вирусы» пайда болатынын айтты.

Адамзат болашағы үшін мәселені бірге шешу керек. Осыған байланысты мен «төрт C қағидатын» ұсынамын: ынтымақтастық (cooperation), бәсекелестік (competition), қарым-қатынас немесе ақпарат алмасу (communication) және үйлестіру (coordination), – дейді сарапшы.

Гао Фу болашақта әлем міндетті түрде Х вирусына тап болатынын, оның әлі қандай ауру екені белгісіз екенін айтты. Оның сөзінше, вирус кез келген жерде және кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.

Әлем коронавирус пандемиясымен ғана емес, сонымен қатар өзекті және жалған ақпарат араласқан кезде пайда болатын инфодемия сияқты басқа да мәселермен бетпе-бет келді, – деді маман.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз