Зерттеу институтының дерегінше, ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров қазақстандық QazVac коронавирусқа қарсы вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті.
Вакцина дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын халал талаптары бойынша сертификатталған.
Бұдан бұрын ҚМДБ өкілдері QMDB Halal стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында институтқа барып, OtarBioPharm биофармацевтикалық зауытында QazVac вакцинасын өндірудің технологиялық процесімен мұқият танысты.