Спикер − Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын бойына сіңірудің маңыздылығын атап өтті.
Сіздер – жастар, халықтың неғұрлым белсенді бөлігі бола отырып, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды факторысыздар. Білімге ұмтылыңыздар! Өз құқығыңыз бен заңдарыңызды біліңіздер, – деді Мұрат Ахметов.
Сонымен қатар спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып, студенттермен құқық бұзушылықтарға тап болған кезде қайда жүгіну керектігін айтты.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға тап болсаңыз, онда сіз әрқашан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 1424» колл-орталығына жүгіне аласыз. Бұл сіздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қатысуыңыз. Шетте болмау, сыбайлас жемқорлықпен күресетіндерге көмектесу маңызды, деді спикер.
Кездесу соңында қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы студенттер мен кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Өз кезегінде жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша өз идеяларымен және ұсыныстарымен алмасты.