Департамент дерегінше, өрт Өскемен әкімдігі ғимаратының бесінші қабатта орналасқан кеңселердің бірінен шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметкерлері еденнің өртеніп жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 121 шаршы метр аумақты жалмаған қызыл жалынды ауыздықтап, оның таралуына жол бермеу мүмкін болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі