Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 37 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 қазандағы мәлімет бойынша, 59 135 адам коронавирус инфекциясынан (51 146+ және 7 989 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 367 науқас стационарда, 48 768 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 765 адамның жағдайы ауыр;
  • 224 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 700 адамнан коронавирус анықталды.