Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстанда...

Шығыс Қазақстанда 16 адам ұрланған малдың етін сатқан

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, криминалдық полиция қызметкерлері, ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары және ветеринарлардың қатысуымен ет өнімдері сатылатын базарлар, павильондар, жәрмеңкелер мен дүкендерге рейд жүргізілді.

Қылмыстарға жасалған талдау нәтижесінде күз басталғаннан бері сауда орындарында ұрланған малдың етін сату фактілерінің саны артқаны белгілі болып отыр. Іс-шара барысында Өскемен және Семейдегі ет сату орындары және ет тасымалдаған 52 автокөлік тексерілді. ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес (ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзу) 16 адам әкімшілік жауапқа тартылды, − деп хабарлады ведомство өкілдері.