Денсаулық сақтау министрлігінің 3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (51 373+ және 8 085 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 147 науқас стационарда, 49 311 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 753 адамның жағдайы ауыр;
- 227 науқастың жағдайы өте ауыр;
- 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 953 адамнан коронавирус анықталды.