Қымбатты әріптестер! Сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин «мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені ол – мектептің жүрегі» деген екен. Бізде әр түрлі зәулім мектептер, зәулім ғимараттар, құрылғылар болуы мүмкін, деді министр БАҚ-қа берген сұхбатында.
Асхат Аймағамбетов өз жұмысын сүйетін және жан-жақтан қорғалған мұғалімдер қажет екенін баса айтты. Білім министрінің айтуынша, өзі басқаратын ведомство мұғалім мүддесін қорғау жолында әрі қарай да тынбай жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының үлкен қолдауының арқасында заң қабылданды, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін. Дендеріңіз сау болсын! Өз-өздеріңізді әрдайым қолдап жүріңіздер. Көңіл күйлеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!, – деді Асхат Аймағамбетов.