Нұр-Сұлтан тұрғындары бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шарасын өткізуге және оларға қатысуға, Ashyq жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сонымен бірге митингілер, шерулер, жиындар және тағы басқа ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын, − деп жазылған құжатта.
Ashyq жобасына қатыспайтын, қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған нысандарға баруға шектеу сақталады.
Боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау қажет, − деп жазылған қаулы мәтінінде.