«Союз ТМ» экипажында одан бөлек, кеңес ғарышкері Александр Волков пен аустриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды.
Ел тарихындағы айтулы күнді мемлекет басшысы еске ала отырып, барша қазақстандықтарды құттықтады.
30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.