Ғабидолла Әбдірахымов вице-министр лауазымынан босатылды

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқып, «Мемлекеттік әкімшілендіру» магистрі болды. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымгер-оқытушы болып бастаған.

1999-2008 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2015 жылдары Премьер-министрі кеңсесінің, Президент әкімшілігінің құрылымдарында жұмыс істеді. Сонымен бірге БҚДА төрағасы болды.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.