Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 30 қыркүйекте Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2009 жылы туған ұлын іздеуге көмек сұраған.
29 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында кешкі астан кейін ұлы үйден шығып кеткен.
Баланы іздеуге жедел-тергеу тобы, ювеналды полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Олар бірінші кезекте жоғалған баланың үйі орналасқан аумақыт сөзіп шықты. Нәтижесіне, бала әкесінің көлігінің жүксалғышында ұйықтап жатқан жерінен табылды, − деді ведомствода өкілі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталған жоқ. Бала ата-анасымен қауышты.