Басты бетЖаңалықтарҰлттық құрама...

Ұлттық құрама Бейжің ойындарына 38 лицензия жеңіп алды

Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов қысқы ойындарға дейін оның санын 95-ке жеткізу жоспарда бар екенін айтты.

Оның айтуынша, қысқы спорт түрлерінен жүлдеге ілігу қиындау. Өйткені ұлттық құрамада резерв жоқ. Әсіресе, қысы қатты аймақтарда ізбазарлар дайындығы бір жолға қойылмаған. Қазір комитет осы бағытқа басымдық беріп жатыр.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасына 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр.