Президент Каспийдің солтүстігінде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.
Каспий итбалығы популяциясының төмендеуі мәселесі өзекті болып тұр. Ол екі елдің де Қызыл кітабына енген. Осы бірегей жануарды сақтауға, олар мекендейтін әрі көбейетін территориясын қорғауға қатысты кідіріссіз іс-шаралар керек. Сондықтан Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей президенттері қатысқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.