Жарысты тамашалауға келетіндер алдымен коронавирусқа қарсы хаттамаларға сәйкес болуы керек. Комитет билеттерді сатып алу туралы ақпаратты кейінірек жария етілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын өткен барлық спортшы мен қатысушы Бейжіңге келген соң жабық цикл жүйесінде орналасады. Ал вакцина алмаған спортшылар қалаға келген соң 21 күндік карантинге жатқызылады. Спортшылар вакциналаудан бас тартудың медициналық негіздемесін ұсынса, олардың ісі бөлек қаралады.
Еске салайық, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-22 ақпан күндері, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурызда өтеді.