Басты бетЖаңалықтарБайзақтағы жарылыс...

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған бір адам әлі табылмады

Өңір басшысы 26 тамызда әскери қоймадағы өрт пен жарылыс кезінде 17 адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалғанын айтты.

Төтенше оқиға кезінде бір азаматтың із-түзсіз жоғалғанын атап өткім келеді. Алайда оны іздеу жұмыстары әлі де жалғастырылып жатыр. Мен «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығымен үнемі байланыстамын. Шараға қанша маман, техника, саперлер, қызметтік иттер жұмылдырылғаны туралы мәселелерді қадағалап жүрмін. Мен жоғалған адамның ата-анасымен де байланыстамын», − деді Бердібек Сапарбаев Таразда өткен брифинг барысында.

Сонымен бірге өңір басшысы барлығын тергеу қорытындылары мазалайтынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігі мамандарынан құрылған тергеу тобы құрылған. Тергеу қорытындылары аяқталған соң ресми түрде жария етіледі. Оқиғаның себебі, сонымен бірге оған кінәлі болғандар сол кезде белгілі болады. Сондықтан жерлестерімді қандай да бір теріс ақпарат және өсек-аяңға сенбеуін сұраймын. Нақты ақпаратты арнайы құрылған штабтан алуға болады, − деді өңір басшысы.