Басты бетБастыУниверсиада: Үміт...

Универсиада: Үміт күттіретін 10 спортшы

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы спорттың 12 түрінен жиыны 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Ал Қазақстан намысын 167 спортшы қорғайды.

Абзал Әжғалиев — шорт-трек

Абзал Әжіғалиев

Универсиадада үміт күттіретін спортшылардың бірі — Абзал Әжғалиев. Ол шорт-тректен өткен әлем Кубогында Қазақстан тарихында тұңғыш рет алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, спортшы 2011 жылғы қысқы Азия ойындарындағы эстафетада қола жүлдеге ие болды.

Денис Тен — мәнерлеп сырғанау

Денис Тен

Сочи-2014 Олимпиадасында Денис Тен Қазақстан тарихында қола медаль жеңіп алған жалғыз спортшы болды. Сонымен қатар, Денис Тен 2013 жылы өткен әлем чемпионатында — күміс жүлде, 2015 жылы өткен әлем чемпионатында — қола жүлде, 2015 жылы Құрлықаралық чемпионатта жеңіске жетіп, 2011 жылы өткен Азия ойындарында чемпион атанды. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен әлемдік рейтингте 7-орында тұр.

Екатерина Айдова — конькимен жүгіру спорты

Екатерина Айдова

Екатерина Айдова 2011 жылы және 2014 жылы өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Қарағандылық спортшы қыз 2010 жылы алтын медаль иеленсе, 2011 жылы күміс медаль алған. Сондай-ақ, спортшы қыз 500, 1 000 және 1 500 метр қашықтықта жүгіруден рекорд орнатқан.

Роман Креч — конькимен жүгіру спорты

Роман Креч

Петропавлдық спортшы соңғы өткен екі Олимпиада ойындарына қатысқан. Сонымен қатар, Роман Креч жас спортшылардың арасында өткен әлем чемпионатында күміс және қола медальдарды жеңіп алған.

Галина Вишневская — биатлон

Галина Вишневская

2012 жылы жастар арасында өткен Олимпиадада Галина Вишневская күміс медаль жеңіп алса, 7,5 шақырым қашықтықта өткен жарыстан қола жүлдегер атанды. Биыл Вишневская әлем Кубогында жақсы нәтиже көрсетіп, масс-стартта 4-орынға ілікті.

Василий Подкорытов — биатлон

Василий Подкорытов

Биатлоншы — 2014 жылы өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Биыл ол Универсиадамен қатар, әлем Кубогының кезеңдеріне қатысып жатыр. Сонымен қатар, спортшы Азиада мен әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысады.

Дмитрий Рейхард — фристайл

Дмитрий Рейхард, фристайл

Дмитрий Рейхард 2008 жылы әлем Кубогында алғаш рет жеңіске жеткен. Осы айда спортшы АҚШ-та өтетін жарысқа қатыспақ. Айта кетейік, Дмитрий Рейхард Сочиде өткен Олимпиада ойындарында мықты бес спортшының қатарына кірген.

Юлия Галышева — фристайл

Юлия Галышева

Юлия Галышева жастар арасында өткен әлем чемпионатында екі рет жеңіске жетіп, ересектер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ал 2011 жылы өткен Азиадада спорттың екі түрінен жеңімпаз атанған.

Павел Полуэктов — шайбалы хоккей

Павел Полуэктов

«Торпедо» хоккей клубының қақпашысы Павел Полуэтков Қазақстанның жастар құрамасында күміс медальдар иеленіп, үздік қақпашы атанған. Павел Полуэктов ұлттық құраманың сегіз матч өткізген. Құрлық хоккейі лигасының чемпионатына қатысқан.

Ғалия Нұрғалиева — шайбалы хоккей

Ғалия Нұрғалиева

«Айсұлу» хоккей клубының үздік ойыншысы Ғалия Нұрғалиева Қазақстан чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен. Ол 2015 жылы өткен Универсиадада 6-орынды иеленген. Сондай-ақ, спортшы қыз 2018 жылы өтетін Олимпиаданың қорытынды іріктеу кезеңінде (Ұлыбританиямен өткен матчта) үздік ойыншы атанды.

Айта кетейік, Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адам теледидар арқылы тамашаламақ.

ДереккөзVesti.kz