Алматыда 30 қыркүйекте дабыл белгісі іске қосылады

2021 жылы 30 қыркүйекте түскі сағат 12:55-те Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарналардың жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады, − делінген хабарламада.

Ведомство мамандары Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

— радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;

— төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;

— берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:

— көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;

— берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.