Павлодарда мұнай-химия зауыты жұмысын тоқтатады

Зауыт жұмысы тоқтаған уақытта өзге қазақстандық мұнай өңдеу кәсіпорындары (Атырау және Шымкенттегі зауыт) күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады, − делінген хабарламада.

Айта кетейік, елдегі мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жылда кестеге сай жүргізіледі. Күрделі жөндеу үш жылда бір рет жүзеге асырылады. 2018 жылдан бері мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Биыл жөндеу жұмыстарының уақыты екі рет шегерілді. Бірінші рет жоспарлы жөндеу жұмысы шілдеден қыркүйекке, кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды.